Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының жолдарын «Сұңқар» аппараттық-бағдарламалық кешені бақылауда

Қорлан Нұрланқызы
29.11.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының басты автомагистральдарында 11 заманауи «Сұңқар» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Бұл жоғары технологиялық жүйелер Алматы-Көкпек-Көктал, Алматы-Шелек-Қорғас және Алматы-Өскемен жолдарында орнатылған. «Сұңқар» кешендері жол жағдайын тәулік бойы бақылауға арналған. Олар жылдамдықты асыруды, жол қозғалысы ережелерін бұзуды және жүргізушілердің басқа да қауіпті әрекеттерін тіркейді. Жүйені енгізудің басты мақсаты – апат санын азайту, көлік жүргізу мәдениетін көтеру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп мәлімдеді облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркебұлан Ахметов.

Жүйе жоғары ажыратымдылықтағы камералар мен арнайы бағдарламалық құралдардың көмегімен бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайды. Тіркелген мәліметтер бірыңғай деректер базасына жіберіледі, онда олар өңделіп, жүргізушілерді жауапкершілікке тартуға негіз болады.

«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің негізгі басымдығымыз. «Сұңқар» секілді технологиялар қозғалыс қатысушыларының өмірі мен денсаулығын қорғап, тиімді әрі жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – деп толықтырды Еркебұлан Ахметов.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz