Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда дәрігер мамандар жетіспейді

Қорлан Нұрланқызы
28.11.2024
Жаңалықтар

Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығының әлі күнге дейін күрделі мәселе екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе тек ауылдық жерлерде ғана емес, елорда мен облыс орталықтарында да байқалады.

«Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласына орасан зор қаржы бөлінгенімен, халықтың толық сұранысын қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Материалдық-техникалық базасы жеткілікті медициналық ұйымдардың өзінде, «бәрін кадр шешеді» деген сөз әлі де өзекті болып қала береді,» – деді Арғынбекова.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2023 жылдың соңында Қазақстанда 4 864 дәрігер жетіспейтіні анықталды. Әсіресе Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дәрігер тапшылығы айқын сезіледі. Бұдан бөлек, ауылдық жерлер мен аудандарда да маман жетіспеушілігі өзекті.

Сұранысқа ие мамандықтардың қатарына терапевтер, анестезиологтар және акушер-гинекологтар кіреді.

Сенатор Денсаулық сақтау министрлігіне кадр тапшылығын шешуге бағытталған нақты ұсыныстарын жеткізді. Ол келесі шараларды жедел қолға алуды ұсынды:

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне өзгерістер енгізу бойынша заңнамалық акт жобасын Парламентке жылдам енгізу;
  • Денсаулық сақтау жүйесінде тиімді кадр саясатын қамтамасыз ету үшін арнайы жол картасын әзірлеп, бекіту;
  • Көпсалалы университет клиникаларын құру бойынша жұмысты аяқтау.

Бұл ұсыныстар денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы мәселесін азайтуға және халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz