Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында ауыл тұрғындарының сеніміне кіріп, ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылында алаяқтық әрекеттер ашылды. Табиғи газды қосуға көмектесемін деп уәде берген ер адам ауыл тұрғындарының сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті өзін сенімді адам ретінде көрсетіп, газ қосу жұмыстарын жеделдетуге ықпал ететінін айтқан. Ауыл тұрғындарына алдын ала төлем жасау керек деген желеумен ақша алған соң, ол ізін суытып отырған. Жәбірленушілердің жалпы шығыны шамамен 500 мың теңгені құраған.

«Тергеу барысында алаяқтықтың үш эпизоды расталды. Бірақ зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды сақ болуға және келесідей қарапайым ережелерді ұстануға шақырады: қызмет көрсетушілердің құжаттары мен өкілеттіктерін мұқият тексеру, келісімшартсыз бейтаныс адамдарға ақша бермеу және күдікті жағдайлар туралы дереу полицияға хабарлау. Есіңізде болсын, сіздің қаражатыңыздың қауіпсіздігі – өз қолыңызда!

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz