Абай облысы Ақсуат ауданының Сәтпаев ауылында орналасқан жеке тұрғын үй аумағында 15 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт сөндіріліп, оның әрі қарай таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Министрлік азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.