Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағына көлік құралдарын әкелу тәртібіне қатысты жаңа талаптар 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Бұл өзгерістер Кеден одағы комиссиясының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар мен көлік құралдарының типін мақұлдау рәсімдерін реттейді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, дайындалғанына 3 жылдан аз уақыт өткен көлік құралдарын тек Көлік құралының типін мақұлдау (КҚТМ) құжаты көрсетілген тұлғалар ғана ЕАЭО аумағына әкеле алады.
Бұл шарттар ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №130 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағына әкелу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Негізгі ережелер:
- Әкелінетін көлік құралының КҚТМ құжатында көрсетілген тұлғасы декларант ретінде ресімделуі қажет.
- Егер КҚТМ құжатында көрсетілген тұлға декларант ретінде тіркелмесе, мұндай құжатты пайдалануға рұқсат берілмейді.
Бұл талаптар көлік құралдарының ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкестігін қамтамасыз етуге және олардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге бағытталған.
Жаңа тәртіп 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ресми түрде күшіне енеді.