Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда Жылқы шаруашылығы институты құрылды

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2024
Жаңалықтар

Астанада өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстанда Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» құрылды. Бұл туралы 19 қарашада Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Жаңа институттың жұмысы жылқы шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды жылқылардың сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және отандық тұқымды халықаралық нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7%-ға көбейту жоспарланған.

Қостанай, адай, мұғалжар, жәбе, күшім секілді жергілікті тұқымдарды сақтау және көбейту мақсатында селекциялық және асылдандыру жұмыстары жүргізілмек.

Институт аясында келесі жұмыстар жоспарланған:

  • Жылқылардың генетикалық топтары туралы деректер қорын құру.
  • Ұрықтар мен эмбриондар банкін ұйымдастыру.
  • Биелерді қолдан ұрықтандыру зертханаларын ашу.
  • Арнайы жылқы өсіруші мамандарды даярлау.
  • Жылқы ветеринариялық клиникасын ашу арқылы ветеринариялық қызмет сапасын арттыру.

Институттың басты міндеттерінің бірі – жылқылардың генетикалық әлеуетін заманауи әдістер арқылы жақсартып, олардың өнімділігін 20-25%-ға арттыру. Бұл тұқымдарды елдің әртүрлі өңірлерінің тауар шаруашылықтарында кеңінен пайдалану жоспарымен қатар жүреді.

Институт шетелдік ғылыми орталықтармен, университеттермен және зертханалармен тығыз байланыста жұмыс істеп, тәжірибе алмасуды көздейді. Министрліктің мәлімдеуінше, бұл қадам Қазақстанның жылқы шаруашылығын халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді.

Тегтер: Қазақстанмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz