Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жыл басынан бері ел экономикасы 2,5 пайызға өсті

Осы жылдың он айында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5% болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.11.2022
Жаңалықтар

«Биыл қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5% құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім – 2,8%, ал қызмет көрсету саласы – 1,6%. Оң өсім қарқыны ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салаларында тіркелді», — деді Қуантыров үкімет отырысында.

Айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7% өскен.

«Қаңтар-қыркүйек айларында сыртқы сауда тауар айналымы 35% өсіп, 98,4 млрд доллар болды. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 47,5% өсіп, 63,8 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 37,5% ұлғайып, 19,3 млрд доллар болды. Тауар импорты 34,6 млрд долларға тең. Оң сауда балансы 29,3 млрд долларды құрады», — деді министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, елімізде машина жасау өндірісі 7,7% өсті. Атап айтқанда, автомобиль жасау – 18,3%, электр жабдықтарын жасау – 12,4% артты.

Тегтер: Қазақстанэкономика

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz