Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жұмыссыз қалғандар енді жарты жыл еңбекақысының 45 пайызын алып отырады

2023 жылдан бастап жұмыссыз қалған азамат 6 ай бойы бұрынғы табысының 45 пайызын алып отырады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

27.12.2022
Жаңалықтар

«Әлеуметтік кодекстің төртінші жаңалығы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйелеріне қатысты. Қазіргі жүйе әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрін сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе. Сондықтан, ол сақталады. Дегенмен, мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен формалды форматта жұмыс істеуге ынталандыруды көздейді», — деді Тамара Дүйсенова.

Министр бұл мақсатты орындау үшін, ең алдымен шағын бизнестегі жалдамалы қызметкерлер, платформаның көмегімен жұмыс істеп жүрген азаматтарға қатысты салықтық жүктемелерді төмендету қарастырылатынын айтты. Екіншіден, әлеуметтік жарналарын уақтылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылады.

«Келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарналарын төлеген уақытына сәйкес, 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр», — деді ол.

Тегтер: еңбекақыТамара Дүйсенова

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz