Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жүрегімде мәңгі қалатын мекен»: Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының халқымен қоштасты

Алматы облысының бұрынғы әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен кеткеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында өңір тұрғындарына үндеу жариялады. Ол төрт жыл бойы қолдау білдірген облыс халқына алғыс айтып, атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026
Жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының өзі туып-өскен өңір екенін атап өтіп, төрт жыл бұрын сенім білдіріп, облысты басқаруға мүмкіндік берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

«Президент бастамаларын жүзеге асырып, халықтың ойынан шығу үшін бар білімім мен тәжірибемді жұмсадым», – деп жазды ол.

Экс-әкім өз жазбасында облыстың соңғы төрт жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне тоқталды.

Оның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,66 триллион теңгеге жетіп, өңірге 664,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Құрылыс саласы 12,3 пайызға өсіп, 910 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сонымен қатар облыста 11 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орны құрылған.

Сұлтанғазиев төрт жыл ішінде өңірде 98 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылғанын атап өтті. Ал Алматы облысына келген туристер саны 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан.

75 білім ошағы салынды

Ол әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстарға да тоқталды.

Оның сөзінше, 2022–2026 жылдар аралығында Алматы облысында 75 білім ошағы салынған. Нәтижесінде үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 23-ке дейін қысқарған.

Бұдан бөлек, өңірде жаңа емханалар, спорт кешендері және басқа да әлеуметтік нысандар бой көтерді.

Марат Сұлтанғазиев бұл нәтижелердің артында облыстың дамуына үлес қосқан азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің еңбегі тұрғанын айтты.

«Бұл көрсеткіштердің артында тынбай еңбек еткен әріптестерімнің, өңірдің дамуына өз үлесін қосқан әрбір азаматтың ерен еңбегі жатыр. Сол себепті маған қолдау білдірген, сенім артқан, сындарлы сын айтқан және өңірді дамытуға белсенді қатысқан әрқайсыңызға ерекше алғысымды білдіремін», – деді ол.

«Жүрегімде мәңгі қалатын мекенге айналды»

Сұлтанғазиев жазбасында Алматы облысының өзі үшін ерекше маңызға ие екенін жеткізді.

«Осы төрт жыл ішінде Алматы облысы мен үшін туып-өскен топырақ, жай ғана өзім басқарған өңір емес, ақпейіл халқымен, қабылданған шешімдерімен, жеңістерімен және қиын сәттерімен жүрегімде мәңгі қалатын мекенге айналды», – деп жазды ол.

Сөз соңында ол Алматы облысының одан әрі дамуына тілектестік білдіріп, жаңадан тағайындалған өңір басшысы Шыңғыс Әріновке сәттілік тіледі.

«Алматы облысы одан әрі дами берсін. Халқымыз аман болсын! Жаңадан тағайындалған облыс әкімі Шыңғыс Сайранұлы Әріновтің жауапты қызметіне сәттілік тілеймін!» – деп түйіндеді Марат Сұлтанғазиев.

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысын 2022 жылғы маусымнан бері басқарды. 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ол Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылып, өңірдің жаңа әкімі болып Шыңғыс Әрінов тағайындалды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

«Жүрегімде мәңгі қалатын мекен»: Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының халқымен қоштасты

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Бектенов Шыңғыс Әріновті таныстырып, негізгі міндеттерді атады

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
04.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz