Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жолдарды салу және жөндеу: Бас прокуратура миллиардтаған заңбұзушылықтар туралы айтты

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі жол саласының жай-күйін тексеру қорытындысын ұсынды.

15.02.2023
Жаңалықтар

Қадағалаушы органның мәліметінше, заңбұзушылықтар мен бюджет қаражатын заңсыз алу схемаларын мердігерлер жиі пайдаланған.

«Атап айтқанда, осындай фирмалардың бірінің өкілдері Ақмола өңірінің Қоянды кентінде 907 млн теңгеге күрделі жөндеу және жергілікті жол құрылысын жасамағандығы белгілі болды», — делінген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Бүгінгі күні шарт бұзылды, өңірдегі прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап, оның шеңберінде қылмыстық құқықбұзушылық жасаудың мән-жайлары анықталып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық жолдарды жөндеуге бөлінген 423 млн теңгені жымқырды деген айыппен Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің және жергілікті мердігер мекеменің басшылары қамауға алынып, жауапқа тартылды.

Жұмыстарды қабылдау туралы жалған актілер бойынша жолдың жоқтығына қарамастан, миллиондаған мемлекеттік қаржыны аударған.

Автожолдар саласындағы жемқорлықтың көбі мемлекеттік сатып алу кезінде өнім жеткізушілерді таңдайтын кезде жиі болады.

«Мәселен, аудан прокурорларының араласуынан кейін Аршалы ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Екатеринбург-Алматы автобанынан Берсуат ауылына дейінгі учаскені күрделі жөндеу бойынша 1,1 млрд теңгеге заңсыз шарт жасасқаны үшін жұмыстан босатылған болатын», — деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокурорлар бюджеттің негізсіз шығындарының жолын кесуге ерекше назар аударады.

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 млн-нан астам бюджет қаражатын артық жұмсау фактісінің алдын алынды және басшылық құрамындағы кінәлі лауазымды тұлға лайықты тәртіптік жазаға тартылды.

Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 300-ден астам заңбұзушылық анықталды, 30 млрд теңге сомасына бюджет шығындарының алдын алынды, мемлекет кірісіне 2,5 млрд теңге өтелді, 29 қылмыстық іс қозғалды, 305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайына орынсыз жоспарлау, инновацияларды енжар енгізу, беріктігі жоғары материалдарға үнемдеу және т.б. ықпал етіп отыр.

Осыған байланысты, Бас прокуратура Үкіметке қаралып жатқан шетелдік озық тәжірибеге негізделген көлік жолдары саласын түбегейлі өзгерту бойынша ұсыныстармен қадағалау актісін енгізді.

Тегтер: Бас прокуратуражолдарды салу

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz