Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу-тренингі ұйымдастырылды. Тренингті Alataunews.kz тілшісі, Алматы облысының үздік жас журналисі Мөлдір Иманмәди жүргізді.

Мөлдір Иманмади
03.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Мақала

Іс-шара «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жүзеге асырылып жатқан медиа бағыттағы әлеуметтік жоба шеңберінде өтті. Аталған жоба мемлекеттік қызметшілер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Тренинг барысында қатысушылар журналистермен дұрыс байланыс орнату, сұхбат беру мәдениеті, ақпараттық сауаттылық, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кәсіби имидж қалыптастыру жолдары бойынша теориялық және практикалық білім алды. Оқыту курсы үш кезеңнен тұрады: теория, тәжірибе және қорытынды есеп.

Жобаның нысаналы аудиториясы – аудан және ауыл әкімдері, басқарма мен бөлім басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың баспасөз қызметі мамандары. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі ақпараттық қоғамда мемлекеттік қызметшілердің журналистермен кәсіби тіл табыса алмауы қоғамда теріс пікір қалыптастыруы мүмкін. Осыған байланысты медиа сауаттылықты арттыру – билік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтудың маңызды құралы.

«Бұл жобаның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге журналистің жау емес екенін түсіндіру, ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға үйрету. Көп жағдайда сұхбаттан қашу немесе ойды дұрыс жеткізе алмау кейін өзіне кері әсерін тигізіп жатады. Ал дұрыс құрылған диалог екі тарапқа да тиімді», – дейді жоба жетекшісі Мөлдір Иманмәди.

Оның айтуынша, жоба бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Жалпы саны 12 оқу сабағы жоспарланған, әр тренингке 15–20 адам қатысады. Нәтижесінде 200-ден астам мемлекеттік қызметші қамтылмақ. Жоба аясында «Журналист – жау емес» атты әдістемелік кітап әзірлеу жоспарланып отыр.

Тренингтер Алматы облысының Қонаев қаласында және облысқа қарасты өзге де қалалар мен аудандарда өткізіледі.

Тегтер: "Журналист-жау емес"«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантыБасты жаңалықтармемлекеттік қызметшілерге тренинг

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz