Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көптеген азамат республика жолдарында «қарлы тұтқында» қалды.
Түркістан облысының құтқарушылары жүргізілген жұмыстар барысында 156 адамды, оның ішінде 17 баланы құтқарды, сондай-ақ жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін шығаруға көмек көрсетті.
Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелері Жуалы және Сарысу аудандарындағы автожолдардың жабық учаскелерінде автомобильдерден 41 адамды құтқарды, жолдың тазартылған учаскесіне 5 автомобиль сүйрелді.