Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жол бойына салынған ойын алаңы тұрғындардың үрейін ұшырып отыр — Алматы облысы

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көлді ауылында жол бойына салынған ойын алаңы тұрғындардың үрейін ұшырып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

02.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Екі мыңға жуық тұрғыны бар Көлді ауылы Алматы қаласының орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан. Аталған ауылда ойын баласы үшін бірде бір спорттық және ойын алаңдары жоқ. Жақында көлділіктерге көңіл сыйлаған балалар алаңы салынды. Бірақ, аталған ойын алаңы тұрғындардың қуанышын ұзаққа созбады.

Күре жолдың дәл жанына салынған алаң қоршалмаған, әрі арнайы төсеніші де жоқ. Ойын баласы қара шаңға бөгіп жүр. Ал күре жолда күндіз-түні жеңіл көлік пен фуралар ағылып жатыр. Тұрғындар балаларының қауіпсіздігіне алаңдап, дабыл қағып отыр.

«Ойын алаңын жеке кәсіпкер өз қаражатына жасады, округ әкімдігі сол жерге жалғастырып воркаут, скверь жасауды жоспарлап отыр. Қазіргі уакытта конкурс өтіп жатыр, мердігер мекеме анықталғаннан кейін жұмыс басталады. Жобада жерге арнайы материал төсеу қарастырылған», — дейді ауыл әкімі Серік Үмбеталиев.

Ауыл маңынан салынып жатқан бакат құрылысына жегілген фуралар елді мекенннің қақ ортасымен өтеді. Ирелеңі көп жол тым тар, тіпті жаяу жүргіншіге арналған соқпақ та жоқ. Бұнымен қоймай, көліктердің жылдамдығын тежейтін жол бетінде қойылатын «тежегіш полиция» қызметі де орнатылмаған.

«Орталық көшемен фуралардың жүруіне тыйым салынған деген жол белгілері орнатылған. Қазіргі уакытта қаражат жок, аудандық жолдар бөлімі жол полициясынан көліктердің жылдамдығын тежейтін жол бетінде қойылатын «тежегіш полиция» қызметін төсеу керектігі туралы ескерту қағаз алды», — дейді Серік Үмбеталиев.

Көлді ауылындағы мәселені Alataunews.kz ақпарат агенттігі назарда ұстайтын болады.

Тегтер: Көлді ауылы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz