Өскемен тұрғындарымен кездесіп, қала іргесіндегі шаруа қожалықтарын аралады. Майлы дақылдар өсіретін фермалардың жұмысын көріп, күрмеулі мәселелерімен танысты.
Саяси бірлестік өкілдері бұдан кейін сүт және мал шаруашылығы кешеніне ат басын бұрды. Кандидат пен оның партияластары сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын жұртшылық назарына ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.





