Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісулық тұрғындарға 120 мың тонна көмір сатылды

Жалпы өңірде жылыту маусымы кезіндегі халықтың көмірге деген қажеттілігі 490 мың тоннаға жуықтайды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Жетісу облысында көмір сақтайтын 34 тұйық пен қойма бар. Қазіргі кезде аудан-қалаларда тұрғындарға 120 мың тонна көмір сатылды. Қоймаларда тағы 22 тонна қор бар. Оған қоса тамыз айында жоспар бойынша әкелінуі тиіс 51 мың тонна қатты отынның 56% бүгінде тиелді.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірге тәулігіне орташа есеппен 23 вагон немесе 1 587 тонна көмір түсірілуде. 18 тамыздағы мәлімет бойынша, 129 вагон немесе 8 901 тонна көмір жол үстінде. Жалпы көмір қоры негізінен Қаражыра мен Шұбаркөл кен орындарынан тасымалданады.

Аудан және қала әкімдіктерінің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі кезде қоймалар мен тұйықтарда бір тонна көмірдің орташа бағасы — 13 000-17 500 теңге аралығында. Халыққа арнап қысқы маусымға көмір дайындау жоспарының орындалуына күн сайын тұрақты мониторинг жүргізіледі. Жергілікті әкімдіктер азаматтарға көмірді ертерек күн жылы кезде сатып алуға кеңес береді.

Тегтер: Жетісу облысыжылыту маусымыкөмір

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz