Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысындағы асханалар бір жылда бағаны 52 пайызға көтерген

Алайда, тамақтану орындарын жалға беру ақысы айтарлықтай өспеген

10.01.2023
Жаңалықтар

2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметтері бір айда 2,7%-ға, ал бір жылда 23,4%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Alataunews.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бағаның бірден күрт шарықтағаны Жетісу облысының тұрғындарына сезілген. Онда бір айдың ішінде тамақтану орындарындағы баға 13,9%-ға өскен. Одан кейін, Шымкентте − 9,9%,  Алматы облысында − 7,3%-ға қымбаттаған. Қалған жеті аймақта бір айда баға өзгермепті.

Жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Жетісу облысында тіркелген (44,7%). Одан кейін Шымкентте (40,3%-ға) және Астанада (38,5%-ға) бағалар айтарлықтай өсті. Тек Павлодар облысында ғана бағаның баяу өскені байқалады (6,2%-ға).

Қоғамдық тамақтандыру объектілері арасында асхана қызметтері бір жылда 26,6%-ға, жылдам тамақтану орындарының қызметтері — 17,1%-ға, мейрамханалар, кафелердегі қызмет − 20,6%-ға қымбаттады. Оның ішінде мейрамханада түскі ас құны 19%-ға, асханада түскі ас 26,6%-ға өскен.

Кафе, мейрамхана қызметтері бағасының ең жоғарғы өсуі Жетісу облысында (44,4%-ға), ең азы Алматыда (5,2%-ға) тіркелді.

Жылдам тамақтану орындарындағы қызметтер бағасының ең қатты өсуі Атырау облысында (38%-ға), ең баяу өсуі Павлодар облысында (4,5%-ға) байқалды.

Асхана қызметтері Жетісу облысында (52%-ға), ең азы Павлодар облысында (7%-ға) қымбаттады.

Десе де, тамақтану орындарын жалға беру ақысы айтарлықтай шарықтамаған. Мәселен, мейрамханаларды жалға алу бір жылда 8,9%-ға, асханаларды жалға алу − 0,9%-ға, кафелерді жалға алу − 3,4%-ға қымбаттаған.

Тегтер: асханабағамейрамханатамақтану

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz