«Таяу арада 400 тонна дизель отыны келеді. Айта кету керек, ауыл шаруашылықтары үшін бөлек 6 мың тонна дизель отынының қоры бар», — дейді басқарма басшысы.
Диас Серіковтың айтуынша, Жетісу облысы тоғыз жолдың торабындағы қала. Сол себепті әрлі-берлі жүретін көліктер көп. 20 тамыздан бастап жанар-жағармай бағасына дифференциация заңы күшіне енеді.
Осылайша, қазақстандықтарға бағасы 230-260 тг аралығын құрайтын отынның күнделікті лимиті 100 литр болады. Жүк көліктеріне күнделікті лимит 300 литрді құрайды. Ал лимиттен бөлек, ДТ 450 тг-ден сатылады.