Полицейлер анықтағандай, тракторды 50 жастағы ер адам жүргізген. Ол баланың үйіне шөп жеткізген.
«Трактор қозғалған кезде бала тіркегіштің дөңгелегінің астында қалған. Қазір аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104 бабы 1-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», — делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ата-анасы үй шаруасымен жүрген кезде 6 жасар бала трактордың тіркегішіне мініп алған.