Вице-министрдің айтуынша, 7 мамыр – Қазақстанның Қарулы күштері күні, сондықтан бұл күні әскери парад өткізудің өзіндік негізі бар:
«7 мамыр – біздің ұлттық мерекеміз, Қарулы күштердің құрылған күні. Әскери шерулер бұған дейін де дәл осы датада, яғни 7 мамырда өткен. Сондықтан мұның логикасы осында, оның үстіне ол 9 мамыр қарсаңында аталып өтеді», – деді Кочетов Үкіметте өткен брифингте.
Бұған дейін Жеңіс күніне арналған әскери парадты ұйымдастыруға 2,5 миллиард теңге бөлінетіні хабарланған.





