Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарынан бастап:
- Базалық зейнетақының ең төмен мөлшері күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайып, 32 360 теңгені құрайды.
- Базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 105%-дан 110%-ға дейін өсіп, 50 851 теңгеге жетеді.
Мысалы, 2019 жылы зейнетке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы алатын жалпы зейнетақысы 156 856 теңге болса, 2025 жылы ол 171 588 теңгеге дейін көбейеді. Мұнда базалық зейнетақы 50 851 теңге, ал ынтымақты зейнетақы 120 737 теңге болады.
2025 жылғы қаңтардан бастап:
- Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы:
- 1, 2, 3 бала үшін – 149 416 теңге (бұрын 140 296 теңге болған);
- 4 және одан көп бала үшін – 247 716 теңге (бұрын 232 596 теңге болған).
- Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы:
- 4 баласы бар отбасылар үшін – 63 030 теңге (бұрын 59 183 теңге болған);
- 10 баласы бар отбасылар үшін – 157 280 теңге (бұрын 147 680 теңге болған).
- Мүгедектік бойынша жәрдемақы:
- I топ – 101 702 теңге (бұрын 95 496 теңге болған);
- II топ – 81 362 теңге (бұрын 76 397 теңге болған);
- III топ – 55 474 теңге (бұрын 52 089 теңге болған).
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар:
- Асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер және
- Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 6,5%-ға ұлғаяды.
Бұл төлемдердің мөлшері жеке жағдайларға, мысалы, соңғы екі жылдағы орташа табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу деңгейі, асыраудағы адамдар саны және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.
Бұл өзгерістер 2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда қарастырылған және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Жаңа жылдан бастап әрбір азамат үшін бұл өзгерістер нақты қолдау болмақ.