Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зейнетақы мен жәрдемақы көбейеді: 2023 жылы қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

Қазақстандықтарды жаңа жылда қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

02.01.2023
Жаңалықтар

Зейнетақы, жәрдемақы және ең төменгі еңбекақыны көбейту, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі, «жайлы мектеп» және «ауылдарда денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобаларын іске асыру, дамудың жаңа бағдарламаларын іске асыру, 5G байланыс желілерін енгізу – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет іске асыратын осы және басқа да өзгерістер мен бастамалар көптеген адамға оң әсерін береді.

Ақшалай кірісті арттыру

Ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылды, яғни 1,8 млн жұмысшының кірісі артады.

Үкімет дәрігерлер, мұғалімдер, бюджет саласының басқа да қызметкерлерінің және өндірісте қызмет ететін мамандардың жалақысын 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту жөніндегі бағдарламаны биыл да жалғастырады.

Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды ұлғайту

  • 4,4 млн алушы үшін зейнетақы мен жәрдемақының барлық түрінің көлемі ұлғайтылды;
  • зейнетақы төлемдерінің жиынтық мөлшері жыл басынан бері орта есеппен 12 пайыз өсті;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері 68,2 мың теңгеден 77,4 мың теңгеге дейін өсті;
  • бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК немесе 131 100 теңге (2022 жылы – 120 840 теңге);
  • төртінші балаға – 63 АЕК немесе 217 350 теңге (2022 жылы — 200 340 теңге).

Денсаулық сақтау саласын дамыту

  • шалғай ауылдарда жылжымалы медициналық кешендер кеңінен қолданылатын болады, бұл 1,5 млн ауыл тұрғындарын қамтуға мүмкіндік береді;
  • 2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру басталады;
  • медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу басталды;
  • орташа жалақыны: дәрігерлерге – 30%-ға 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлеріне — 20%-ға 250 мың теңгеге дейін ұлғайту;
  • резидентурадағы гранттар саны 70% артты;
  • ғылыми-зерттеу компоненті бар екі көпсалалы клиниканың – Астанадағы 200 төсектік ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және Алматыдағы 350 төсектік жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау.

Жаңа рейстердің ашылуы

  • Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, көктем және жазда: Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге, Алматыдан Карачи мен Лахорға рейстер ашылады;
  • Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге, Алматыдан Дели, Чэнду, Лондон, Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға, Астанадан Тбилиси мен Подгорицаға рейстерді ұлғайтылады;
  • Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқанд, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта қолданысқа енгізіледі.
Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz