«Ақша алудағы мақсат – Венецияда тұратын, оқитын немесе жұмыс істейтін адамдар мен қалаға келетіндердің құқығы арасында жаңа баланс орнату», — деп мәлім етті Венецияның туризм бойынша кеңесшісі Симоне Вентурини.
Сондай-ақ ол мұндай тәсілдің мақсаты – ақша табу емес екенін атап өтті.
Елге кіретіндерден төлем алу жоспары нақты қашан енгізілетіні және оның жүзеге асу тәртібі келесі аптада, кеңес толық мақұлдағаннан кейін нақтыланады.
Төлем алу жоспары алғаш 2019 жылы талқыланып, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған болатын.
Шектен тыс туризм көптен бері қаланың үлкен мәселесіне айналды. Шамамен 50 000 адам тұратын тарихи қала халқының санынан туристер саны жиі асып кететіні айтылып жүр.
Шілдеде ЮНЕСКО сарапшылары Венеция мен Венеция мүйісін жаппай туризм және климат өзгерісі салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан Әлемдік мұра тізіміне енгізуді ұсынды.