Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу қарастырылмақ

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

05.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қазіргі таңда байланыс операторларымен бірге осы мәселеге қатысты бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

“Министрлік азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастыруда. Осылайша, біз телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алғымыз келеді”, — деді министр интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін Ішкі істер министрімен бірлесе талқылауға арналған кеңесте.

Өз кезегінде Марат Ахметжанов алаяқтарға тосқауыл қоюда ұялы байланыс операторларын ат салысуға шақырды.

“Бүгінгі таңда алаяқтардың абоненттік нөмірлерді ауыстыру, орналасқан жерін жасыру қызметтерін, телефондарға қашықтан қол жеткізуге арналған арнайы қосымшаларды пайдалануы өзекті мәселе болып табылады. Көбінесе алаяқтар шетелден болады. Біздің кей отандастарымыздың да оларға көмектесетін жағдайлары кездесіп жатады. Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша ақшаны алып, аударып жатады. ІІМ желісі бойынша біз әріптестерімізге тиісті сұраныстар жолдаймыз. Алайда бюрократиялық механизм, келісу кезеңдері қажетті ақпаратты тез алуға мүмкіндік бермейді. Мен бұл мәселені ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің алдағы отырысында көтеруді жоспарлап отырмын”, – деді Марат Ахметжанов.

Елімізде интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбейген.Мәселен, 2016 жылы – 1 мың жағдай тіркелген болса, 2021 жылы – 21 мыңға дейін өскен.

Соңғы жаңалықтар

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz