Бұл бастама – елдегі цифрлық инфрақұрылымды дамыту және жасанды интеллектке негізделген сервистерді ілгерілету бағытындағы маңызды қадам.
Жоба аясында әлеуметтік маңызы бар нысандардың барлығында тегін Wi-Fi желісі орнатылмақ. Атап айтқанда, шекара бекеттері, әуежайлар, теміржол және автовокзалдар, сондай-ақ мектептер мен медициналық ұйымдар жаңа жүйеге қосылады.
«Біз құрып жатқан инфрақұрылым Қазақстанның ЖИ-экономиканы қалыптастыру бағытын қолдай отырып, жасанды интеллект негізінде цифрлық сервистер мен шешімдерді дамыту платформасына айналуда», – деді «Freedom Telecom Operations» компаниясының басшысы Қайрат Ахметов.
Бірінші кезеңде 10 қалада 400 орын қамтылады. Ал 2026 жылға қарай 10 мың, 2027 жылға дейін 20 мың қосу нүктесіне дейін кеңейту көзделіп отыр.
Жаңа жоба халыққа интернетке қауіпсіз әрі ыңғайлы қолжетімділік беріп қана қоймай, елдің цифрлық егемендігін нығайтуға және мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған.





