Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұлттық музей басшылығына қатысты іс: Антикор 1,2 млрд теңге жымқырылғанын мәлім етті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. Бұл туралы аталған агенттіктен мәлім етті, деп хабарлайды Altaunews.kz.

16.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Қазіргі таңда Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілерге 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D моделін құру» жобасын іске асыру кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

«Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төлеген. Бұл ретте жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстардың нақты құны 83,4 млн теңгені құрағанын анықтады. Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілді. Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», — делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Тегтер: қылмыстық ісмузейҰлттық

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев пен Оман Сұлтаны бірқатар маңызды келісімге қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында жаңа форматтағы цифрлық ХҚКО ашылады

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында қоғамдық кеңістіктер жаңарып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
06.10.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
06.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz