Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18,0 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026
Жаңалықтар

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл шешім болжам раундының нәтижелері, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағасы және инфляциялық тәуекелдердің теңгерімі негізінде қабылданған.

2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция болжамдарға сәйкес 11,7 пайызға дейін төмендеді. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 12,2 пайыз болған. Инфляцияның барлық компоненті баға өсімінің баяулағанын көрсетіп отыр.

Азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі 12,7 пайызды құраса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша 11,6 пайыз болды. Ал ақылы қызметтер секторындағы инфляция 10,8 пайызға дейін төмендеді.

Ұлттық банк мәліметінше, инфляцияның баяулауына бірқатар фактор әсер етіп отыр. Олардың қатарында ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты, теңгенің нығаюы, кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің баяулауы, сондай-ақ артық өтімділікті қысқарту шаралары бар. Бұдан бөлек, Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияға қарсы бірлескен шаралары да өз нәтижесін беруде.

Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай бағасын көтеруге қойылған мораторий де бағаның төмендеуіне ықпал еткен. Қосылған құн салығы мөлшерлемесінің өзгеруінің инфляцияға әсері шектеулі деп бағаланып отыр.

Дегенмен айлық инфляция ақпан айында жеделдеп, 1,1 пайызды құрады. Ал базалық инфляция 0,8 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Халықтың алдағы бір жылға инфляциялық күтулері де төмендегенімен, әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Ақпан айында бұл көрсеткіш 13,7 пайыз болды. Ал нарыққа кәсіби қатысушылардың 2026 жылға арналған инфляциялық болжамы 10 пайызға дейін төмендеді.

Халықаралық нарықтарда азық-түлік бағасының өсу қарқыны да баяулап келеді. Әлемдік нарықта сүт өнімдері мен қант бағасының төмендеуі сақталып отыр. Сонымен қатар дәнді дақылдар мен өсімдік майының бағасы біршама өскені байқалған.

Ұлттық банк болжамына сәйкес, базалық сценарий аясында 2026 жылдың бірінші жартысында Brent маркалы мұнай бағасы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты уақытша жоғары деңгейде сақталады. Кейін әлемдік сұраныс пен ұсыныстың теңгерілуіне байланысты мұнай бағасы бір баррель үшін шамамен 60 АҚШ долларына дейін біртіндеп төмендейді деп күтілуде.

Жалпы алғанда, 2026 жылы мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 66,3 доллар болады деген болжам бар.

Ұлттық банк 2026 жылға инфляция болжамын 9,5–11,5 пайыз деңгейінде бағалап отыр. Ал 2027 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 5,5–7,5 пайызға дейін баяулайды деп күтіледі. 2028 жылға қарай инфляция 5 пайыздық мақсатты деңгейге жақындайды деген болжам бар.

Сонымен қатар 2026 жылға арналған ішкі жалпы өнімнің өсу болжамы 3,5–4,5 пайыз аралығында сақталған.

Ұлттық банк инфляцияның баяулау қарқынын, ішкі сұраныстың динамикасын және фискалдық саясаттың орындалуын әрі қарай бақылауды жалғастыратынын атап өтті. Егер инфляция тұрақты түрде төмендеп, жаңа инфляциялық шоктар орын алмаса, 2026 жылдың екінші жартысында базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Ақша-кредит саясаты бойынша келесі жоспарлы шешім 2026 жылғы 24 сәуірде жарияланады.

Тегтер: ҚазақстанҚазақстан Ұлттық Банкі

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz