Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Көктемнің шуақты мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Мерекелік кештің ашылуында ана мейірімі мен өмірлік даналығын дәріптеген сахналық қойылым ұсынылды. Қойылымда жасы ұлғайса да өмірге деген сенімі мен қайсарлығы мұқалмаған қарт ананың бейнесі көрермендерге ерекше әсер қалдырып, көпшіліктің көңілін толқытты.

Аймақ басшысы өз құттықтау сөзінде елімізде гендерлік теңдікті нығайту, аналар мен балаларды қорғау, әйелдердің кәсіпкерлікке және қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп келеді.

Облыс әкімінің айтуынша, Алматы облысында әйелдердің қоғамдық өмірдегі белсенділігі жылдан жылға артып келеді. Бүгінде өңірдегі басқару саласында әйелдердің үлесі 27 пайызды құраса, мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектердің үлесі 48 пайызға жеткен. Бұл – нәзікжандылардың қоғам өміріндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ облыста 58 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның ішінде 19 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Өңір басшысы аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше рөлін атап өтіп, олардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.

Салтанатты шара барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар әйел азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, еңбек ардагері Роза Исатаева мен облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Зәуре Құсайынова «Құрмет» орденімен наградталды. Ал Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева мен жеке кәсіпкер Махинур Таипова «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Бұдан бөлек, түрлі салада еңбек етіп жүрген бірқатар әйелдерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, танымал эстрада жұлдыздары мен Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары сахнаға шықты. Өнерпаздар мерекелік кешке жиналған аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz