Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет құрамы жасақталды

Үкімет құрамы жасақталды. Кейбір министр ауысқаны болмаса, Әлихан Смайыловтың кезіндегі басшылардың дені лауазымын сақтап қалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.02.2024
Жаңалықтар, Саясат

Кімдер орнын сақтап қалды

Роман Скляр үкімет басшысының бірінші орынбасары, ал Тамара Дүйсенова, Серік Жұманғарин да орынбасар лауазымында қалды. Екеуі де алдыңғы премьердің кезінде жұмыс істеген.

Сонымен қатар, Мұрат Нұртілеу премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі, Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі, Ержан Сәденов те ішкі істер министрі қызметін жалғастырады.

Лауазымын сақтап қалған басшылардың қатарында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, әділет министрі Азамат Есқараев, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, көлік министрі Марат Қарабаев пен су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бар.

Жаңа министрлер 

Министр қызметіне келгендер көп емес. Ажар Ғинияттың орнын сенатор Ақмарал Әлназарова басты. Ұлттық экономика министрлігіне Нұрлан Байбазаров келсе, Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрі, Мәди Тәкиев қаржы министрі болып тағайындалды.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚР Үкіметітағайындау

Соңғы жаңалықтар

Көкжайлауда жоғалып кеткен шетелдік студент түнімен іздестірілді

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Жаңа Конституция: Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілді — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында 179-шы «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы бекеті ашылды

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz