Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҰБТ халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) мазмұны мен әдістемесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, оны әлемдік деңгейдегі тест форматына айналдыруды жоспарлап отыр. Алайда бұл өзгерістер биыл немесе келесі жылы енгізілмейді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2025
Жаңалықтар

Министрліктің ресми өкілінің мәліметінше, жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

«2026 жылы ҰБТ форматына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Бұл оқушылар мен ата-аналарға алдын ала дайындық жүргізуге және емтиханға қалыпты форматта әзірленуге мүмкіндік береді,» – деп атап өтті ол.

ҰБТ-ны халықаралық деңгейге көтеру мәселесі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркте Educational Testing Service (ETS) компаниясы басшылығымен өткен кездесуінде талқыланған. Әлемдегі ең ірі тестология және тест әзірлеу орталықтарының бірі саналатын ETS ҰБТ сұрақтарының сапасын арттыруға және әдістемесін жетілдіруге атсалыспақ.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіледі.

«Сексен жылдық тарихы бар, әлемдегі ең ірі тестология орталығы – ETS компаниясымен келіссөздер өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеудің сапасын түбегейлі арттыру үшін олардың тәжірибесіне сүйенеміз. Келесі айда ETS мамандарынан құралған зерттеушілер делегациясы Қазақстанға келіп, бірлескен жұмысты бастайды. Бұл процесті жүйелі түрде жүргіземіз», – деді министр.

Жоба толық іске асқан жағдайда ҰБТ халықаралық талаптарға сай келіп, қазақстандық түлектердің білімі әлемдік деңгейде бағаланатын болады.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстанҰБТ

Соңғы жаңалықтар

Референдум: Алматы облысында дауыс беру учаскесін қалай білуге болады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz