Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ: 14 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 20 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

19.11.2022
Жаңалықтар

Атап айтқанда, Атырау облысының шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен таулы аудандарында тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігін тұман басады.

Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен таулы аудандарында тұман болуы мүмкін.

Алматы қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз батысында көктайғақ болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанды.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстік жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Тегтер: ҚазақстанҚазгидромет

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz