Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Түркістан облысында 6 жасар баласын балталап өлтірген әкеге қатысты үкім шықты

Түркістан облысында 6 жасар баласын балталап өлтірген әкеге 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Оқиға биылғы 4 наурызда болған.

«Сот тергеуінде анықталғандай, сотталушы өзінің 2016 жылы туған баласын тоғайға «отын жинаймыз» деп алдап апарған. Онда жәбірленушінің сол жақ самай сүйегіне темір балтаның тегіс жағымен соққы жасаған. Содан баласының денесін көтеріп, шабылған жиде ағашының томар астына ыңғайлап қойып, темір балтаның үшкір жағымен мойын аймағынан бірнеше рет соққы жасап, шауып өлтірген», — делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты қызметтерді атқаруға 10 жылға тыйым салынды.

Сот тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді белгіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: қылмыстық ісоқиғаТүркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz