Тоқаев кортежінің жолынан атыс қарулары табылды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Түркістан облысында Президент кортежінің жүру бағытын тексеру барысында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесе отырып, атыс қарулары сақталған қойманы анықтады. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ІІМ өкілдері қазір барлық мән-жайларды анықтау және күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.