Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қоғамдық штаб мүшелері Мұратәлі Қалмұратов, Қуандық Сұлтанғали және Марат Сейітов қатысты. Олар кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылардың саяси науқан туралы ойларын тыңдады.
Бұған дейін Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.