Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Тоқаев шетелдік инвесторлармен ЖИ және дата-орталықтар жобасын талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерімен кездесіп, жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2026
Әлем, Жаңалықтар, Саясат

Президент Николо Мартин Капрез, сондай-ақ Размиг Берг Овакимян және Александр Есаянмен жүздесіп, ЖИ инфрақұрылымын жобалау, салу және пайдалану бағытындағы ықтимал серіктестікті саралады.

«Мемлекет басшысы Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отырғанын жеткізді. Президенттің айтуынша, NVIDIA технологиясы негізінде суперкомпьютер кластерлерін іске қосу аталған мақсатқа жету және елдің технологиялық дербестігін нығайту ісіндегі маңызды қадам болды»,–деп жазды Ақорда.

Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құруға бағытталған стратегиялық жоба қолға алынғанын атап өтті. Бұл бастама аясында инвесторларға қолжетімді электр энергиясы, дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым және салықтық жеңілдіктер ұсынылмақ.

Кездесу барысында компания өкілдері Арменияда осыған ұқсас жобаны жүзеге асырып жатқанын жеткізді.

«Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен компания өкілдері ЖИ-экожүйесін дамыту бағытындағы бірлескен бастаманы іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге келісті»,–деп жазды Ақорда.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Сауалнама: Президентке сенім деңгейі 86,7 пайызды құрады

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2026

Қазақстан Халық Кеңесі қандай орган болады? Министр түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

15 мамырда Алматы облысында қатты жел соғады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Шамалған ауылында жеке үйдің ауласынан жылан табылды

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz