Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, домбыраны ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі әрі халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра деп атады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Президенттің айтуынша, қос ішекті қасиетті аспап арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтар жаңғырып, ұрпақтар сабақтастығы сақталып келеді.

«Ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді», – деді Мемлекет басшысы.

Президент жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленіп жатқан кезеңде Ұлы даланың мол мұрасы, соның ішінде қара домбыра ұлттық мәдениеттің мызғымас тұғыры болып қала беретінін атап өтті.

Сондай-ақ ол халықаралық қауымдастыққа қазақ домбырасының сазды әуенін таныстыруды жалпыұлттық парыз деп бағалап, ақын Қадыр Мырза Әлі айтқан «Нағыз қазақ – Домбыра» деп қанатты сөздің маңызын ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерді ел ішінде әрі шетелде насихаттап жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да халыққа шабыт беріп, елдің дамуына серпін беретінін айтты.

Сөз соңында Президент барша қазақстандықтарға амандық пен бақ-береке тіледі.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Жалақыдан жалақыға дейін: қарызға тәуелді қоғам қаржылық еркіндікке қашан жетеді?

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
21.10.2026

Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы

Акжаркын
21.10.2026

Заң үстемдігі – әділетті мемлекеттің тірегі

Акжаркын
21.10.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Акжаркын
21.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz