Мемлекет басшысы бұл келіссөздер нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті.
Бұған дейін Тоқаев барлық державаларды Украина бойынша «Бейбітшілік формуласын» әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.





