Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Alataunews.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.
«Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді», — делінген хабарламада.