Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев елордада жаңадан салынған өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

Қорлан Нұрланқызы
18.10.2024
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада қысқа мерзімде бой көтерген өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мұндағы өрт сөндірушілер 96 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет көрсетеді. Бөлімнің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аумағына «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабы, сондай-ақ Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Әзірет Сұлтан мешіті және «Нұрлы жол» вокзалы сияқты маңызды нысандар кіреді. Өрт сөндірушілер жұмысын бастаған екі ай ішінде 200-ге жуық дабылға жедел шығып үлгерген.

Сапалы әрі тез құрастырылатын модульді материалдардан салынған өрт сөндіру депосы функционалдық тұрғыдан өте қолайлы. Ғимаратта жұмыс, диспетчерлік, демалыс бөлмелері, оқу сыныбы және ас үй қарастырылған. Жабық тұраққа алты арнайы техника сыяды.

Президентке өрт сөндіру және құтқару операцияларына арналған заманауи жабдықтар көрсетілді. Сонымен қатар биік ғимараттардағы өртті өшіруге пайдаланылатын дрондардың жұмысы таныстырылды.

Мемлекет басшысы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен сөйлесіп, осындай заманауи модульді өрт сөндіру деполары еліміздің барлық өңіріне қажет екенін және аталған жобаның аясы кеңейтілетінін жеткізді. Президенттің айтуынша, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың әлеуметтік мәселелерін шешу және баспанамен қамту жұмыстары жалғасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан салынған екі қабатты жатақхананы аралап көрді. Сондай-ақ жатақханаға қоныстанған өрт сөндірушілердің отбасыларын құттықтады.

Бұдан кейін №23 жаңа өрт сөндіру бөліміне спорт жабдықтарын сыйға тартты.

Тегтер: Қазақстанмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz