Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Астанадағы саммитте маңызды мәселе қозғады

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күн тәртібіндегі тағы бір халықаралық мәселені қозғады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Тоқаев БҰҰ Жарғысын біртұтас, жан-жақты құжат ретінде қабылдау керек екенін және оның ережелері дәл сол қалпында танылып, мүлтіксіз сақталуы тиіс екеніне назар аударды.

«Біз беталысы беймәлім аумалы-төкпелі кезеңде жүздесіп отырмыз. Мұның зардабы өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа, миллиондаған адамның тұрмыс сапасына қаншалықты ауыр тиіп жатқанын егжей-тегжейлі айтудың қажеті жоқ. Соның салдарынан даму жолындағы күш-жігер, күрмеуі қиын экологиялық проблемаларға жұмсалуға тиіс ресурстар зая кетіп жатыр. Бұл ретте халықаралық қоғамдастық ерекше рөл атқарады. Сексен жыл бұрын құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы әлі күнге баламасы жоқ, әмбебап диалог алаңы екені сөзсіз. Алайда одан бері әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жасанды интеллект бүкіл адамзат санасын жаулап, күнделікті өмірге дендеп енді. Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес», — деді Тоқаев.

Президент сондай-ақ «БҰҰ Жарғысындағы қағидаттарды халықаралық қарулы қақтығыстарға қатысты өз ыңғайымызға қарай қолданудан аулақ болуымыз қажет» деген пікірін айтты.

«Керісінше, БҰҰ Жарғысын біртұтас, жан-жақты құжат ретінде қабылдау керек. Оның ережелері дәл сол қалпында танылып, мүлтіксіз сақталуға тиіс. Сол себепті БҰҰ және басқа да ірі халықаралық ұйымдар ауқымы мен сипаты жағынан бұрын-соңды болмаған әрі болжауы қиын өзгерістер дәуіріне қадам басқан қазіргі әлемнің ақиқатын қаперге алғаны жөн. Біз БҰҰ Жарғысындағы қағидаттарды халықаралық қарулы қақтығыстарға қатысты өз ыңғайымызға қарай қолданудан аулақ болуымыз қажет. Сонымен қатар көпжақты институттарға деген сенімге селкеу түспеуі керек. Дегенмен маңызды халықаралық мәселелерді шешуге олардың абырой-беделі жетпей жатқаны өкінішті», — деді Тоқаев.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Тоқаев Астанадағы саммитте маңызды мәселе қозғады

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Баян-Өлгейде Қазақстанның консулдығы ашылады

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Қазақстанда инватакси қызметі өзгереді: жаңа тәртіп әзірленіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

Астана әкімі LRT-ның қашан іске қосылатындығын айтты

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz