Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы биыл Қонаев қаласына Алматы облысының әкімшілік орталығы мәртебесі берілгеніне төрт жыл толатынын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде қалада ауқымды өзгерістер жүзеге асып, жаңа даму кезеңі басталған.

“Қалада ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қала біртіндеп әкімшілік, туристік әрі іскерлік орталық ретіндегі орнын нығайтып келеді. Бұл – әкім Марат Сұлтанғазиевтің еңбегі”, — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі екенін айтып, оның инвестициялық әлеуетіне ерекше назар аударды.

“Алматы облысында одан әрі тұрақты даму үшін барлық қажетті ресурстар бар. Өңірдің әлеуеті инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Қонаев және Алатау қалаларының дамуы бүкіл өңірдің өркендеуіне жаңа серпін беретіні сөзсіз”, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында өңірдің негізгі экономикалық көрсеткіштері де айтылды. Президенттің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысында Алматы облысының жалпы өңірлік өнімі 6,7 триллион теңгеге жетіп, өсім 5,4 пайызды құраған. Ал биылғы жылдың қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша облыс қысқа мерзімді экономикалық индикатор көрсеткіші бойынша республикада бесінші орынға көтерілген.

Сондай-ақ өңірде инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция құйылып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жеткен.

Президент ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін тиімді пайдалану маңызды екенін де атап өтті. Биылғы алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайызды құраған.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысы өңірдің тұрақты дамуына негіз болатынын айтып, алға қойылған міндеттердің табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? Мамандар 10 маңызды кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында ҚАЖ қызметкері сауда үйіндегі өрттің алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында әйел сапасыз қызмет көрсеткен салонмен дауласты

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында халықаралық әуе шарлары фестивалі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында жер сілкінісінен кейін жедел желі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
04.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz