«Бәріңізге мәлім, мен 8 қыркүйекте халыққа Жолдауымды жариялаймын. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы маңызды мақсат-міндеттерді айқындаймын», — деді Тоқаев.
Бүгін президент Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйлеп, конституциялық реформалар туралы ойын айтты.





