«Мен «Mrs. Globe Kazakhstan» халықаралық сұлулық байқауының қатысушысы атандым. Халықаралық жоба 25 жылдан бері әлемнің 80-нен астам елінің 25-45 жастағы қыздарының басын қосып келеді. Енді осы сұлулық байқауы алғаш рет Қазақстанда өтеді. Жеңімпаз бағалы тәжге ие болады және халықаралық финалда елді таныстыруға мүмкіндік алады», — деді актриса.
Актрисаның айтуынша, байқау шартында сыртқы көрікке ғана емес, ішкі сұлулыққа да баса мән беріледі. «Mrs. Globe Kazakhstan» сұлулық байқауының финалы қазан айында Алматы қаласында өтеді.