ТМД байқаушылары миссиясы ұйымдастыру мәселелерімен, соның ішінде өңірлер бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлу, Қазақстанның сайлау заңнамасын бағалау мәселелерімен айналысатын штаб ашты.
«Бүгін ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы сайлау науқанын бақылауға кірісті. Оның басшысы – ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев», — деді Ильхом Нематов.
Миссия құрамына ТМД-ның барлық елдерінің өкілдері – 100-ден астам адам кіреді, оның 10-ы ұзақ мерзімді бақылаушылар.
«Қазірдің өзінде 23 адам келіп, аккредитациядан өтті. Қазақстанға қысқа мерзімді бақылаушылар сайлауға екі-үш күн қалғанда келеді. Әрине, біз барлық өңірлер мен сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз», — деді Ильхом Нематов.
Ол сондай-ақ барлық байқаушы топ жетекшілерінің қатысуымен үйлестіру кеңесі құрылатынын айтты. Миссияның қорытындысы 21 қарашада жарияланады.
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.