Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Текеліде селден зардап шеккен отбасы баспанаға ие болды

Әкімдік пен демеушілер лай көшкінінен зардап шеккен отбасыға 2 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

01.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Текелі қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Текелі қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мамыр айында Текеліде топырақтың ылғалдануы салдарынан сел жүріп, тау бөктеріндегі үйлерді басқан еді. Солардың бірінде тұрып жатқан Гүлнар Тілеухан баспанасы мен 5 жасар қызынан айырылып қалды.

Қайғылы жағдайдан кейін тұрғындар қаражат жинап, әкімдікпен бірлесіп құны 8,5 млн теңгелік екі бөлмелі пәтер алып берді. Бұдан бөлек 600 мың теңгеден аса ақшалай көмек көрсетті. Ал, жергілікті кәсіпкер 3 млн теңгеге үй жиһазы мен тұрмыстық техникалар сыйлады.

«Қуана алмаймын. Қызымның орнын толтыра алмайды. Кенжемнің орны бір бөлек. Сағынып жүрмін. Қайғыма ортақ болып, көмектесіп жатқан халқыма және облыс пен қала әкіміне рахмет», – деді Гүлнар Тілеухан.

Жанында тек 13 жасар қызы қалды. Ендігі арманы осы қызының аман-есен ер жеткені. Әкімдік те жан-жақты қолдау көрсетуге дайын – Гүлнардың есеп шотына ақша аудармақшы.

«Үлкен қызының оқуына керек жабдықтар алу үшін 2 млн теңге шотқа аударатын боламыз. Енді барлығы дұрыс болсын, жақсылық болсын, аман болайық», – деді қала әкімі Батыр Молдахметов.

Еске салсақ, бұған дейін Текелі қаласында 1,5 ай бұрын көшкін салдарынан бес жасар қызы қайтыс болған ана баспана жоқтығына шағымданғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 

1 of 10
- +
Тегтер: Жетісу облысыТекелі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz