Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Алматы облысы Талғар ауданындағы БЖСМ №2 спорт кешені базасында ұлдар мен қыздар арасында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

1 наурыз күні басталған жарысқа өңірдің түрлі аудандарынан 11 командадан 150-ге жуық спортшы қатысып, татамиде өз шеберліктерін көрсетті. Турнир жас спортшылар үшін маусымдағы маңызды дода саналады.

Алматы облысының шинкиокушинкай каратэ бойынша аға жаттықтырушысы Алексей Гроза соңғы жылдары өңірде бұл спорт түрінің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Алматы облысында шинкиокушинкай каратэ соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Секциялар саны артып, бәсекелестік күшейіп жатыр. Біздің спортшылар республикалық жарыстарда ғана емес, әлемдік деңгейдегі турнирлерде де жүлделі орындарға ие болып жүр. Өткен жылы Германияда өткен әлем чемпионатында біздің спортшылар жалпы 9 медаль жеңіп алды», – деді ол.

Оның айтуынша, Еңбекшіқазақ ауданы спортшылары – Анастасия Сигаева, Станислав Лякутин және Егор Надыкта алтын медаль иеленіп, әлем чемпиондары атанған.

Жаттықтырушы балалар мен жасөспірімдермен жұмысқа ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Себебі дәл осы кезеңде спортшылардың мінезі, тәртібі және спорттық ойлауы қалыптасады.

«10–17 жас аралығындағы спортшылар арасындағы жарыстардың өзіндік ерекшелігі бар. 10–13 жас санатында негізгі назар техникаға және соққыларды дұрыс орындауға аударылады. Ал 14–17 жас санатында жекпе-жектер ересектер форматына барынша жақындайды: жылдамдық, соққы күші және тактикалық күрес күшейеді. Дәл осы кезеңде болашақ чемпиондардың іргетасы қаланады», – деді Алексей Гроза.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында Дарья Коганмен бірге өз жас және салмақ дәрежелерінде Терёшина Алина, Толтырған Томирис, Ботбаева Адия және Анастасия Сигаева жеңімпаз атанды.

Ал ұлдар арасында Абултдинов Арлан, Сансызбай Муртаза, Мухан Ерасыл, Горовых Артём, Абултдинов Ислам, Колесников Владислав, Кадыров Эмиль, Лякутин Станислав, Дзизенко Роман және Степанов Тим жоғары шеберлік көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Турнирді Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық «Бұқаралық спорт клубы» ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар өңірде жекпе-жек спорт түрлерін дамытуға және жас таланттарды қолдауға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz