Қазіргі уақытта барлық елді мекендер көгілдір отынға қосылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Панфилов, Гүлдала және Тұздыбастау ауылдарына толығымен газ берілді. Қалпына келтіру жұмыстарына «Тәуекел» газ тарату компаниясының 60-тан астам жұмысшысы, сондай-ақ жергілікті әкімдіктің 20 қызметкерлері жұмылдырылды», – деді облыс басшысының баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Оның айтуынша, Тұздыбастау ауылының екі көшесінде газ қысымын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, Талғар ауданы Панфилов ауданындағы магистраль құбырдағы апат 30 қарашада болған еді. Бес мыңға жуық үй газсыз қалған.





