Сотталған адам өзіне тағылған «соңы мүлікті зақымдауға алып келген жаппай тәртіпсіздікке қатысу» (ҚК-тің 272 бабы 2 бөлімі) бойынша айыпты мойындады.
Ол 5 қаңтарда орталық алаңда болғанын, бүлікшілермен бірге облыстық әкімдік пен қалалық полицияға басып кіргенін айтты.
«Жерде жатқан тасты алып Алматы облыстық әкімігінің ғимаратына қарай лақтырдым. Әкімдіктің ішіне кіріп резеңке таяқпен пластик есіктерді шақтым», — деді ол.
Айыпталушының сөзінше, сол резеңке таяқпен қалалық полиция бөлімінің өткізу пунктінің терезесін де сындырған.
Сот оның кінәсін мойындағанын ескеріп, қауіпсіздігі төмен жазалау орнында үш жыл мерзім берді.