Бір жылда екінші нарықтағы пәтер құны 26 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы әсіресе Қызылорда, Өскемен, Талдықорған, Нұр-Сұлтан қалаларындағы тұрғын үйлердің шаршы метрі шамамен 40-45 пайызға артқанын хабарлады. Жаңа үйлер де арзан емес.
Былтырдан бері баспананы жалдап тұрудың өзі 20 пайызға қымбаттаған.
Бір ғана Алматыдағы баға 47 процентке өскен. Бұған дейін осы саладағы сарапшы Ермек Мүсірепов жаңадан құрылған өңірлерде баспана бағасы аспандап кеткенін айтқан. Бірақ сұраныс азая сала баға қалпына келетінін ескертті.
Сондай-ақ жыл басынан бері елде жылжымалы мүлікті сатып алу — сату келісімдері екі есе қысқарған.





