Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда ковид бөлімшесі қайта ашылды: 11 адам ем алып жатыр

Талдықорған қаласы жұқпалы аурулар ауруханасының ковидтік бөліміне алғашқы науқастар қабылдана бастады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

08.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Ауруханаға соңғы үш күнде коронавирус жұқтырған 7 науқас түскен. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта аудандарда ковидтік госпитальдар жабылғандықтан, барлық науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі.

Медициналық мекемеде ем алып жатқан 11 науқастың ішінде Қаратал, Сарқан, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының тұрғындары бар. Бұл туралы  облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Біржан Оспанов біздің агенттіктің тілшісіне баяндады. Ол дәрігерлердің коронавирус жұқтырған науқастар ағынына толық дайын екенін атап өтті.

«Кез келген уақытта біз 200 кереует пен жансақтау бөлімінен 20 орын бөле аламыз. Қажетті дәрілер, медициналық құрылғылар жеткілікті», — деді Біржан Оспанов.

Ал Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам да тіркелмеген. Десе де, аурудың жылдам таралу қаупі жоқ емес. Бұл жайында Қонаев қалалық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Ерлан Жарылқапұлы мәлім етті.

Оның айтуынша, ауруханада 30 орын инфекция бөліміне бөлінген. COVID-19 белгісі бар ЖИТС-тің ауыр түрімен, пневмониямен ауыратын адамдарға мониторинг жасалып, бақылау күшейтілген.

«Сонымен қатар, біздің аурухана ауласында оттегі станциясы жұмыс жасап тұр. Аурухананың ішінде одан оттегі алатын 210 нүкте бар. Бұл бірегей құрылғы науқастардың хал-жағдайының қаншалықты жақсы я нашар екенін бірден көрсетеді», — дейді дәрігер.

Эпидемиологтардың хабарлауынша, Алматы мен Жетісу облыстарында жүзден астам адам коронавирус жұқтырған.

Тегтер: Жетісу облысыинфекцияковидТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz