Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары басталды

Жарыс спорттың 12 түрінен өткізіледі. Оған еліміздің 14 облысынан 3 мыңнан астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

27.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Бесарыс» көгалдағы хоккей стадионында жарыстың ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Жасөспірімдер тәрбиесі – бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі. Оларды бұқаралық спортқа тарту арқылы ерік-жігерін шыңдау, мінез-құлқын тәрбиелеу, рухын бекемдеу – біздің ортақ міндетіміз. Осы орайда бүгінгі басталып отырған жазғы ойындардың маңызы зор. «Жүзден – жүйрік, мыңнан — тұлпар» демекші, әрдайым көк туымызды жоғары ұстап, абырой биігінен көрініңіздер. Барша спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін!», – деді Бейбіт Исабаев.

Жарыс бағдарламасына сәйкес, волейбол мен асық атудан «Жастар» спорт сарайында, грек-рим күресі, еркін күрес, қазақ күресінен «Өркен» спорт кешенінде, дзюдодан «Жастар 2» спорт кешенінде, шағын футболдан «Болашақ» стадионында, көгалдағы хоккейден «Бесарыс» стадионында, баскетбол 3х3-тен І. Жансүгіров атындағы университетінің спорт кешенінде, үстел теннисінен «Жетісу» теннис орталығында, тоғызқұмалақтан жастарға қызмет көрсет орталығында, армрестлингтен Өтенай ауылдық округінің мәдениет үйінде өтеді. Жазғы ойындар 3 тамызға дейін жалғасады.

Еске салсақ, төрт жылда бір рет жалауын желбірететін бұл дода осыған дейін 2018 жылы Сыр өңірінде өткен болатын.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz